Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Заң мен Тәртіп: полиция профилактика жұмыстарын үздіксіз жүргізіп жатыр

Алматыда профилактика жылы мен "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында қолға алынған қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету науқаны жалғасуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері халық көп жиналатын орындарда – саябақтарда, алаңдарда, жағалауларда, демалыс орындарында, сондай-ақ мәдени, спорттық және ойын-сауық шаралары өтетін жерлерде қызмет етеді.

Полицейлер қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар азаматтармен белсенді қарым-қатынас жасайды: жеке қауіпсіздік ережелерін еске салады, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді, жедел қызметтердің нөмірлері бар тақырыптық парақшалар мен әртүрлі жағдайда қалай әрекет ету керектігі туралы ұсыныстарды таратады.

Қоғамдық қауіпсіздік - тек полицияның ғана ісі емес, сонымен қатар әрбір адамның міндеті. Біз құқық бұзушылықтың алдын алу, тәртіпті сақтау және қажет болған жағдайда дереу әрекет ету үшін жанында боламыз. Мұндай шаралар азаматтардың сенімін нығайтып, диалогты тұрақты етуге септігін тигізеді, — деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру