Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

”Жас Бүркіт” “Айбын — 2025” халықаралық жиынының қола жүлдегері атанды

Жас Бүркіт” “Айбын — 2025” халықаралық жиынының қола жүлдегері атанды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысында өткен XI халықаралық “Айбын” жастар жиынында Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының намысын қорғағанЖас Бүркіт” әскери-патриоттық клубының командасы үшінші орынды иеленді.Бұл жиынға Қазақстан, Әзербайжан, Беларусь, Қырғыз Республикасы, Ресей және Өзбекстаннан келген 800-ге жуық қатысушы жиналды. Шара Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналды.

Жиынның салтанатты ашылуына Қазақстан Республикасының ПрезидентіҚарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Ол жастар бойында патриоттық рухты қалыптастыру үшін мұндай шаралардың маңызды екенін атап өтті.

Жарысқа барлығы 51 команда қатысып, олар төрт топқа бөлінді. 19 командадан тұратын әскерлердің патриоттық клубтары тобындаЖас Бүркіт” командасы үздік үштіктен көрінді. Олар жоғары физикалық дайындық, тәртіп пен ұйымшылдық, нақты үйлесімділік және тактикалық сауаттылықтың арқасында ерекшеленді.

Бұл жетістік — “Жас Бүркіт” клубының сапалы даярлығы мен құқықтық тәртіп әскерлеріндегі әскери-патриоттық тәрбиенің нәтижесі. Олтабандылықтың, тәртіптің және үздіксіз даму талпынысының жемісі. Осылайша жас сарбаздар халықаралық деңгейде Ұлттық ұланның мәртебесін асқақтатты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру