Тәртіп пен тыныштық күзетінде жүрген полицейдің бір күні
Тәртіп пен тыныштық күзетінде жүрген полицей қызметінің бір күнімен бөлісті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде патрульдік полиция қызметінің орны ерекше. Олар — көше бойындағы әрбір азаматтың тыныштығын күзететін, кез келген төтенше жағдайға бірінші болып жететін, қырағы көзді әрі батыл мамандар. Жетісу облысы полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының инспекторы Санжар Маратұлы — осындай жауапты қызметті күн сайын адал атқарып жүрген тәртіп сақшысы.
Санжардың бір күндік қызметі таңғы сағат 8:00-де саптық байқаудан басталады. Сапта әріптестерімен бірге міндеттерін нақтылап, күн тәртібімен танысады. Қызметтік автокөлігіне отырып, кезекшілігін бастайды. Бірінші кезекте — мектеп маңындағы балалардың қауіпсіз өткелден өтуін бақылау, жол қозғалысын реттеу.
Күндізгі уақытта ол қоғамдық орындарда — саябақтарда, сауда үйлерінде, тұрғын аудандарда патрульдік қызмет жүргізеді. Азаматтардың өтініш-шағымдарын тыңдап, қажет болған жағдайда көмек көрсетеді. Тәртіп бұзушылықтарды болдырмау, қылмыстың алдын алу — басты назарда.
Түнгі уақыт — ең жауапты кезеңдердің бірі. Бұл уақытта да Санжар сергек күйде қала беруге тиіс. Ол ішімдік ішіп көлік басқарған жүргізушілерді анықтаумен, тыныштықты бұзғандарды тоқтатумен айналысады. Төтенше шақырулар кезінде оқиға орнына жедел жетіп, жағдайды бақылауға алады.
Санжар Маратұлы — тек полиция қызметкері ғана емес, сонымен қатар екі баланың әкесі. Қызметтен кейін үйіне оралып, отбасысына қамқорлық көрсетеді. Ол үшін полиция формасы — жай жұмыс киімі емес, халықтың сенімін, ел алдындағы жауапкершілікті білдіретін қасиетті мандат.
Ол күн сайын еліне қызмет етудің қадірін терең түсінеді. Қоғамдық тыныштықтың күзетінде аянбай еңбек етіп жүрген Санжар сынды полицейлер — бейбіт күннің нағыз батырлары.