Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысының полиция департаменті бірінші жартыжылдықты қорытындылады

Жамбыл облысының полиция департаментінде 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығына арналған жұмыс қорытындысы шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысында айтқан тапсырмаларын ескере отырып, ішкі істер министрі Ержан Саденовтың нұсқаулары жеке құрамға жеткізілді.

Департамент бастығы Бақытжан Малыбаев атап өткендей, өңірде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында тұрақты оң динамика байқалады. Соңғы 5 жылда қылмыстық құқық бұзушылықтар екі еседен аса қысқарған.

– Президент нақты тапсырма берді: басты бағдар – "Заң және Тәртіп" қағидаты. Бұл жай ұран емес, нақты әрекетке шақыру. Біз ашықтыққа, жауапкершілікке және алдын алуға баса назар аударамыз, – деді Бақытжан Малыбаев.

Жыл басынан бері облыста 30-дан астам жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Қоғамдық орындардағы, бұрын сотталғандар, мас күйінде, кәмелетке толмағандар мен топпен жасалатын қылмыстар саны азайған.

Отбасылық зорлық-зомбылық пен әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау бағытында қылмыс саны 30% төмендеген.

Есірткі қылмыстарына қарсы күрес, әсіресе жастар арасындағы бағытта жұмыстар жалғасуда.

Цифрлық технологиялар арқылы құқық бұзушылықтың алдын алуға назар күшейтілген. Бейнебақылау жүйесі арқылы Тараз қаласында 32 қылмыс, облыс бойынша 89 қылмыс ашылды.

Жыл басынан бері 54 алаяқ ұсталды, оның 24-і басқа облыстардың тұрғындары. Қылмыстық схемаларда қолданылған 130 дроппер анықталды.

Полиция азаматтарды заңға бағынуға, құқық бұзушылықтың алдын алуға және қауіпсіздікті бірге қамтамасыз етуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру