Полиция алаяқтардан сақ болуға шақырады
Полиция алаяқтардан сақ болуға шақырады, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысында телефон арқылы жасалатын алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті: күдіктілер Қазпошта қызметкерлері болып азаматтарға қоңырау шалып, сәлемдемені жеткізу сылтауымен жеке деректер мен SMS-кодтарды айтуды сұрайды.
Сценарий келесідей: олар адамдарға қоңырау шалып, келіп түскен хабарлама туралы хабарлап, мекенжайын жазуды сұрайды. Содан кейін 1414-тен SMS жіберіліп, кодты "қабылдауды растау үшін" деп атауды сұрайды. Іс жүзінде бұл банктік операцияны немесе жеке кабинетке кіруді растау коды, оның көмегімен алаяқтар үшін жәбірленушінің шоттары қолжетімді болып, рұқсат етілмеген аударымдар жасалынады.
Полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға шақырады: банк карталары мен SMS-кодтардың деректерін бөгде адамдарға бермеңіз, күдікті сілтемелер бойынша өтпеңіз және сәлемдемелер туралы ақпаратты тек ресми арналар — Қазпошта мобильді қосымшасы, www.kazpost.kz сайты арқылы немесе 1499 нөмірі бойынша тексеріңіз.
Жеке мәліметтеріңізді құпия сақтаңыз және сақ болыңыз — қауіпсіздік сіздің санаңыздан басталады.