Қостанай облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өтті
Қостанай облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР ІІМ жанындағы есірткі құқық бұзушылықтарының профилактикасы жөніндегі кеңестің кезекті отырысы Костанай облысы полиция департаментінің базасында бейнебайланыс форматында өтті. Отырысқа Ішкі істер министрі Ержан Саденов төрағалық етті.
Кеңес барысында есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бағытында тоқсан ішінде атқарылған жұмыстардың нәтижелері мен есірткі қылмысының алдын алу саласындағы өзекті міндеттер талқыланды. Қатысушылар тәжірибе алмасып, халықпен, соның ішінде жастар мен осал топтармен жүргізілетін алдын алу жұмыстарын жетілдіруге қатысты ұсыныстарын ортаға салды.
Министр өз сөзінде, есірткі қылмысын бақылау мен профилактиканың тиімділігі мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар және білім беру мекемелері арасындағы тығыз өзара іс-қимылға тікелей байланысты екенін атап өтті. Жастарды құқықтық сауаттылыққа тарту және есірткіге деген тұрақты теріс көзқарасты қалыптастыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінді.
Отырыс қорытындысы бойынша есірткі қылмысының алдын алу бағытында үлес қосып, белсенді азаматтық ұстаным танытқан Кеңес мүшелері Алғыс хаттармен марапатталды.