Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда пәтер тонаған күдіктілер ұсталды

Алматыда пәтер тонаған күдіктілер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласының Әуезов ауданында болған пәтер ұрлығына байланысты жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері екі күдіктіні ұстады.

Қылмыс күндізгі уақытта жасалған: күдіктілер кілт таңдау арқылы заңсыз түрде тұрғын үйге кіріп, ірі көлемде ақша ұрлаған. Күдіктілердің жеке басы анықталғаннан кейін олар ұсталды.

- Ұсталғандар - бұрын сотталған азаматтар, алдын ала жоспарланған тізбек бойынша әрекет еткен болуы мүмкін. Қазір олардың Алматы қаласы аумағында тіркелген басқа да осындай құқық бұзушылықтарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Қосымша тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу жалғасуда, - деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Владимир Решетников.

Полиция тұрғындарға сапалы құлыптарды, бейнебақылау жүйелерін, мүмкіндігінше дабыл сигналдарын орнатудың маңыздылығын еске салады, сондай-ақ тұрғын үйлердің маңында күдікті адамдар болса, дереу полицияға хабарлауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру