Алматыда сотталғандар Астана күнін атап өтті
Алматыда сотталғандар Астана күнін атап өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласындағы тергеу изоляторындағы шаруашылық жасағындағы сотталғандар Астана күнін “Туған күніңмен, Астана!” деген атаумен атап өтті.
Салтанатты мерекеде №72 мекеменің тәрбие бөлімінің бастығы К. Тұрлыбеков құттықтау сөз сөйлеп, сотталғандарды Астана күнінің тарихымен және бүгінгі келбетімен таныстырды.
Салтанатты мерекеде сотталғандар арасында Астана қаласына арналған үздік өлеңдер мен әндер конкурсы ұйымдастырылды. Сондай-ақ олар әртүрлі викториналар арқылы қала тарихымен қаныға түсті.
Мереке соңында белсенді сотталғандар мекеме басшысының Алғыс хатына ие болды.