Ұлттық ұлан сарбаздары есінен танып қалған көрермендерге көмек көрсетті
ҚР ІІМ Ұлттық ұлан сарбаздары есінен танып қалған көрермендерге көмек көрсетті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Елордада Астана күні және Ұлттық Домбыра күні мерекелері аясында бірқатар мәдени іс-шара өтті. Соның бірі — кеше “Астана Арена” стадионы жанындағы ашық алаңда ұйымдастырылған Open Air форматындағы концерт.
Мерекелік кешке ондаған мың көрермен жиналды. Алайда концерт барысында бірнеше адам әлсіреп, кейбірі тіпті есінен танып қалды.
Осы сәтте қоғамдық қауіпсіздікті бақылап тұрған Ұлттық ұлан сарбаздары жедел әрекет етіп, жағдайы нашарлаған азаматтарға тиісті жәрдем көрсетті.
Концертте көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлау үшін елге танымал әртістер — “Дос-Мұқасан” тобы, 6elucci, Қазыбек Курайш, Жанар Дұғалова, Әли Оқапов, Limba, Атилла, Аро, Назима, Ильхан, Тұрар және Жұбаныш Жексен өнер көрсетті.
Еске сала кетейік, 6 шілде күні Қазақстанда Астана күні мен Ұлттық Домбыра күні қатар тойланды. Осыған орай еліміздің барлық өңірінде мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды.