Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында су қауіпсіздігін сақтау бойынша рейдтік шаралар өтті

Абай облысында су қауіпсіздігін сақтау бойынша рейдтік шаралар өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысында полиция департаментінің бастамасымен төтенше жағдайлар департаментінің мамандары және блогерлердің қатысуымен су айдындарындағы қауіпсіздік талаптарын түсіндіруге бағытталған профилактикалық рейдтер ұйымдастырылды.

Жазғы демалыс кезеңінде судағы қайғылы жағдайлардың алдын алу – басты міндеттердің бірі. Осыған орай, шомылу маусымында азаматтардың қауіпсіздік ережелері туралы хабардарлығын арттыру мақсатында арнайы ақпараттық іс-шаралар өткізілді. Рейд барысында демалушыларға суда өзін-өзі ұстау ережелері түсіндіріліп, жадынамалар таратылды.

Игі бастаманың ерекшелігі – танымал әлеуметтік желі белсенділерінің қатысуы. Бұл қауіпсіздік жөніндегі ескертулерді кең аудиторияға жеткізіп, жұртшылықтың назарын өзекті мәселеге аударуға мүмкіндік берді. Цифрлық алаңдарды тиімді пайдалану арқылы полиция мен төтенше жағдайлар қызметінің жұмысы жаңа форматта жүзеге асырылып, халыққа бұрынғыдан да жақындай түсті.

Полиция тұрғындарды судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Қарапайым қағидаларды ескере отырып, өз өміріңізді және жақындарыңыздың өмірін сақтай аласыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру