Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Көкшетаудағы әскери бөлімге барды

Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабеков жұмыс сапары аясында "Орталық" өңірлік қолбасшылығына қарасты 5510 әскери бөліміне инспекциялық іс-шара өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сапар барысында Бас қолбасшы әскери қызметшілердің қызмет жағдайына, тәртіптің сақталуына, жауынгерлік дайындық пен күнделікті қызметтің ұйымдастырылуына, бөлімнің материалдық-техникалық жабдықталуына және тұрмыстық инфрақұрылымына ерекше назар аударды.

Әскери бөлімнің командирі Берік Қожахметов мерзімді әскери қызметшілерге арналған жаңа казарма құрылысының барысымен таныстырды. Оның айтуынша, бұл нысан жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп салынуда және биыл күзде пайдалануға берілмек. Сондай-ақ бөлімде әскери қызметшілердің толыққанды тамақтануы мен медициналық қамтамасыз етілу мәселелері қаралды. Аңсаған Балтабеков әскери асханада берілетін тағамдарды өзі дәм татып көрді.

Сапар соңында Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы жауынгерлерге адал қызметтері үшін алғыс айтып, табыс тіледі. Ол Ұлттық ұланның еліміздегі заңдылық пен қоғамдық тәртіпті нығайту, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмысты жалғастыратынын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру