Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда жол апаттарының алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар өткізілуде

Атырауда жол апаттарының алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы аумағындағы республикалық маңызы бар Доссор – Құлсары – Бейнеу тас жолында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полиция ротасының взвод қызметкерлері кешенді профилактикалық іс-шаралар жүргізіп жатыр.

Нәтижесінде 3700-ге жуық құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде алкогольдік ішімдік ішкен күйінде көлік басқарған 6 жүргізуші, жүргізуші куәлігі мүлде болмаған 46 азамат және көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан рөлге отырған 6 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ қарсы бағытқа шығып, жол қозғалысы ережесін бұзған 87 жүргізушінің ісі аудандық сотта қаралды.

Шетелде тіркелген автокөліктерге қатысты да бірқатар заң бұзушылықтар тіркелді. ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 2-бөлігі бойынша 32 құқық бұзушылық анықталып, қауіпсіздік белдігін тақпаған 400-ге жуық жүргізушіге әкімшілік шара қолданылды. Сонымен қатар түрлі түсті металл мен қара темір тиеген 18 автокөлік, рұқсатсыз мал және ет өнімдерін тасымалдаған 15 автокөлік тоқтатылып, тексеру жүргізу үшін аудандық полиция бөлімдеріне жеткізілді.

- Құрметті жол қозғалысына қатысушылар! Жолда жүру кезінде белгіленген жылдамдықты асырмауға, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз. Бұл – өз өміріңіз бен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты кепілі екенін естен шығармаңыздар, - дейді тәртіп сақшылары!
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру