Қызылордада Мәжіліс депутаттары жедел басқару орталығының жұмысымен танысты
Қызылордада Мәжіліс депутаттары жедел басқару орталығының жұмысымен танысты, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыс орталығындағы қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығы, құқық бұзушылықтың алдын алу шараларының барлығы тәртіп сақшыларының тынымды тірлігінің нәтижесі.
Бүгінде қалаға соңғы технологиядағы бақылау камералары орнатылып, құқық бұзушылық есебі едәуір төмендеген. Соның негізінде іске қосылған жедел басқару орталығы оқыс жағдайлардың алдын алуда үлкен рөл атқарып келеді.
Облыстық полиция департаменті жанындағы аталмыш орталықтың жұмысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, AMANAT партиясы фракциясының мүшелері Мұрат Ергешбаев пен Мұрат Әбенов танысты.
Қалада 272 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. Осы жылдың 6 айында жедел орталықтың көмегімен 25 007 әкімшілік құқық бұзушылық анықталса, соның 21 582-сі жол ережесін бұзғандар. Ең бастысы, бейнекамералардың көмегімен 65 қылмыстың ізі ашылды. Дегенмен, бұл жұмыстар әлі де жандандыруды қажет етеді. Шаһардың барлық аумағын мейлінше қоғамдық қауіпсіздікпен қамту үшін бейнебақылау камераларының санын арттыру – алдағы мақсат. Бұл жұмыстар облыс төңірігенде де белсенді жүзеге асуда.
Қызылорда облысы полиция департаментімен атқарылған шаралар нәтижесінде 2025 жылдың 5 айында құқық бұзушылықтар 3%-ға, оның ішінде қылмыстар, ауыр және аса ауыр санаттағы қылмыстар, бөтен мүлікті ұрлау, бұзақылықтың тіркелуі төмендеді. Сонымен қатар қоғамдық орындарда, көшелерде жасалған қылмыстардың саны азайды. Жалпы қылмыстың негізгі түрлері бойынша ашылу пайызының өсу тенденциясы қалыптасқан.
Облыс аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құқық бұзушылықтарды автоматты түрде анықтайтын барлығы 112 құрылғы яғни, 20 дана “Аркан”, 5 дана “Интегра КДД”, 1 дана “Мираж”, 3 дана “Зерек”, 10 дана “Сергек”, 1 дана Ekin X Spotter, 49 дана Ekin BOX Spotter құрылғылары және 23 дана Ekin Patrol мобильді кешендері жұмыс атқаруда. Бұл жолдағы көлік қозғалысы салдарынан орын алатын апараттардың алдын алуда.