Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Туристер қауіпсіздігі: полиция 85 мыңнан астам туристік карточка таратты

Полиция 85 мыңнан астам туристік карточка таратты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері көлік полициясы Қазақстан аумағында шетел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 85 000-нан астам ақпараттық туристік карточка таратты.

QR-коды бар карточкалар шетел азаматтарына елге кірген сәтте, соның ішінде халықаралық әуежайларда таратылады және бірнеше тілде ақпарат берілген safetravel.kz сайтына сілтеме жасайды. Сайтта мынадай маңызды мәліметтер орналастырылған:
▪ шұғыл қызметтердің байланыс нөмірлері (полиция, жедел жәрдем, құтқару қызметі);
▪ көші-қон тіркеу ережелері;
▪ кең таралған такси сервистері мен ұялы байланыс операторларының тізімі;
▪ жеке қауіпсіздік бойынша ұсынымдар.

- Шетелдік азаматтар бұл карточкаларды шекарадан өткен сәтте бірден алады. Бұл олардың тез бейімделіп, қауіп-қатерлерден сақтануына және қажет болған жағдайда жедел көмек алуына мүмкіндік береді, — деді Астана әуежайы желілік полиция бөлімінің көші-қон қызметі бөлімшесінің бастығы Фархад Отульшин.

Туристер легі Қытай, Түркия, Еуропа елдері және ТМД мемлекеттерінен құралған. Карточкаларды тарату және туристерге ілеспе қолдау көрсету жұмыстары күнделікті режимде жалғасуда.

Көлік полициясы департаменті бастығының орынбасары Ондасын Аштаевтың айтуынша, биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында көлік полицейлері теміржол және әуе көлігін пайдаланған 20 миллионға жуық жолаушының қауіпсіздігін қамтамасыз еткен.

- Біздің міндетіміз – әрбір азамат, соның ішінде шетелдік қонақтар мен көлік саласының қызметшілері өзін қауіпсіз әрі жайлы сезінетіндей жағдай жасау, — деді ол.

Көлік полициясы департаменті Ішкі істер министрлігі жүктеген қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтың алдын алу және көлік инфрақұрылымы нысандарындағы жедел жағдайды бақылау міндеттерін одан әрі орындауда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру