Павлодар облысында полиция есірткі қылмысына қарсы күресті күшейтті
Павлодар облысында полиция 132 есірткі құқық бұзушылықтың жолын кесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Оның ішінде 71 өткізу фактісі, 2 ұйымдасқан қылмыстық топты құру және оған қатысу фактісі, 7 аса ірі мөлшерде сақтау фактісі, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді өсірудің 5 фактісі және 1 есірткіні заңсыз насихаттау фактісі.
Аймақ аумағына есірткі жеткізудің 6 арнасы тоқтатылды.
- Есірткінің заңсыз айналымы саласында құқық бұзушылық жасағаны үшін 40 азамат ұсталды. Заңсыз айналымнан алынған есірткі құралдарының көлемі 154 келіден асты, ақпараттық жүйеде 678 есірткіге қарсы контент, 850 банк картасы бұғатталды, - деп мәлімет берді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов.
Сондай-ақ халықты профилактикалық іс-шаралармен барынша қамту мақсатында Павлодар облысында есірткі құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі кеңес құрылды, оның басты мақсаты нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алу болып табылады.
Ал білім беру және демалыс ұйымдарында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі.