Абай облыстық ҚАЖД мекемесінің қызметкерлері викториналық ойыннан жүлделі орын алды
ҚАЖ қызметкерлері Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби квизде жүлделі орын алды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысында ұлы қазақ ақыны, ойшыл және ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай ұйымдастырылған онкүндік іс-шаралар аясында, қауіпсіздігі аралас мекеме қызметкерлері "Абайды білмек парыз әр қазаққа" атты әдеби квизге қатысты. Квизде барлығы төрт команда бақ сынады – олар: "Қазпошта" акционерлік қоғамы, "Семей су арнасы", төтенше жағдайлар департаменті және Абай облысы бойынша ҚАЖД №19 мекеме қызметкерлері.
Зияткерлік сайысты Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Абайдың "Жидебай - Бөрілі" мемлекеттік музейі бірлесіп ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты – Абай мұрасын насихаттау, қазақ әдебиетіне деген қызығушылықты арттыру және халықтың түрлі топтары арасында тілдік мәдениеттің деңгейін көтеру болды.
Квиз бес турдан тұрды, олар Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығының әртүрлі қырларын қамтыды. Қатысушыларға оның өмірбаяны, әдеби мұрасы, философиялық көзқарастары, серіктестері мен замандастарына байланысты сұрақтарға жауап беріп, ақын өлеңдерінің атаулары жасырылған ребустарды шешу қажет болды. Әр тур тақырыптық әртүрлілігімен ерекшеленді және қатысушылардан тек фактілерді білуді ғана емес, сондай-ақ логикалық ойлау мен командада жұмыс істей білуді талап етті.
– ҚАЖ қызметкерлері жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, эрудициясын, зейінділігін және ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын танытты, – деді Абайдың "Жидебай - Бөрілі" мемлекеттік музейінің директоры Ұлан Сағадиев.
Мекеме басшылығы, мұндай іс-шаралардың рухани-адамгершілік тәрбие, патриоттық сана қалыптастыру және қазақ әдебиетін жастар мен мемлекеттік қызметкерлер арасында насихаттау ісінде маңыздылығын атап өтті.
Мекеме қызметкерлері зияткерлік сайысқа қатысу мүмкіндігі үшін алғыстарын білдіріп, Абай шығармашылығының әлі де өзектілігін, даналық пен шабыт көзі екенін айтты. Квиз қорытындысы бойынша үздік командалар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.