ІІМ азаматтарды киберқылмыстар туралы хабардар ету жұмысын күшейтті
Еліміздің Ішкі істер министрлігі интернет-ресурстар мен цифрлық сервистерді пайдалану кезінде сақтық шаралары туралы халықты ақпараттандыру бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда, - деп хабарлайды Polisia.kz.
"Қазақтелеком" АҚ және "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС-мен ынтымақтастық аясында ауқымды хабарландыру жүзеге асырылды: Tele2 және Altel ұялы байланыс абоненттерінің 7,8 миллионнан астам пайдаланушысына киберқауіпсіздік бойынша негізгі шараларды еске салатын SMS-хабарламалар жолданды.
Аталған акцияның мақсаты — интернет-алаяқтықтың алдын алу және азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру.