Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да колония аумағына тыйым салынған затты алып кіру әрекеті әшкереленді

БҚО бойынша ҚАЖД-ға қарасты №28 мекемесінде тыйым салынған затты жеткізу әрекеті әшкереленді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №28 мекемесінде колония аумағына тыйым салынған затты жеткізуге бағытталған кезекті әрекет дер кезінде тоқтатылды.

Оқиға 14 тамыз күні шамамен сағат 15:50-де болды. Сотталғандардың біріне арналған пошта сәлемдемесін тексеру барысында шай қаптамасының ішінен ерекше иісі бар қою жасыл түсті, өсімдік тектес зат салынған 19 шай қалташасы табылды.

Заңға қайшы заттар мекеме тексеру тобы мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің үйлесімді жұмысының арқасында анықталды. Оқиға орнына Орал қалалық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақырылып, алғашқы тергеу материалдары жиналды.

БҚО ҚАЖ департаменті мекемелерге тыйым салынған заттардың жеткізілуіне жол бермеу бойынша профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілетінін хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру