БҚО-да ҚАЖД қызметкерлері "Таза лайк" жобасы аясында қайырымдылық шарасын ұйымдастырды
Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №27 мекеме қызметкерлері "Таза лайк" жобасы аясында қайырымдылық шарасын ұйымдастырды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шара барысында мекеме қызметкерлері қарт адамдардың үйлеріне барып, аулаларын тазалап, түрлі тұрмыстық жұмыстарға қолғабыс етті. Бұл игі бастама – аға буынға құрмет көрсетіп, қоғамда мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын кеңінен насихаттауға бағытталған.
Қызметкерлердің айтуынша, мұндай шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады. Себебі үлкенге құрмет көрсету – халқымыздың асыл дәстүрлерінің бірі.
Аталған қайырымдылық шарасы жергілікті тұрғындар тарапынан жоғары бағаланып, ұйымдастырушыларға шынайы алғыс білдірілді.
