Маңғыстау облысында ҚАЖ қызметкерлері экологиялық іс-шара ұйымдастырды
23 наурыз – Тазару күні аясында Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері кең ауқымды экологиялық іс-шара ұйымдастырды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, “Таза Қазақстан” бастамасы – қоршаған ортаны қорғау мен қоғамның экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Осыған орай, департамент қызметкерлері бұл үндеуді қолдап, сенбілікке белсенді түрде атсалысты.
Іс-шара барысында мекеме аумақтары тазартылып, қоқыстар жиналды, сондай-ақ ағаш көшеттері отырғызылды. Қызметкерлер табиғатты аялау – әр азаматтың борышы екенін нақты іспен дәлелдеп, өңірдің көркеюіне өз үлестерін қосты.
Мұндай игі бастамалар экологиялық жауапкершілікті арттырып қана қоймай, ұжымдық бірлік пен ортақ құндылықтарды нығайтуға да оң әсерін тигізеді.
