Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында Тазару күніне орай тазалық жұмыстары өткізілді

Абай облысында Тазару күніне орай тазалық жұмыстары өткізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Көктемнің шуақты күндерімен бірге келетін жаңару мен тазалықтың белгісіне айналған 23 наурыз – Тазару күні. Бұл күн табиғатты ғана емес, адам жаны мен қоршаған ортаны да ретке келтіруге үндейтін ерекше мереке. Осы игі бастамадан шет қалмаған Абай облысының полицейлері өз мекемелерінің аумағында кең көлемді тазалық жұмыстарын ұйымдастырды.

Таң шапағымен бірге қызметкерлер бір кісідей жұмылып, ғимараттың ішкі бөлмелерінен бастап сыртқы ауласына дейін тазалық жұмыстарын жүргізді. Қызметтік кабинеттердегі құжаттар жүйеленіп, терезелер айнадай жарқырап, едендер мұнтаздай тазартылды. Ал сыртқы аумақта қар қалдықтары шығарылып, қоқыстар жиналып, айналаға ерекше көрік берілді.

Бұл шара – жай ғана сенбілік емес, тәртіп пен жауапкершіліктің жарқын көрінісі. Қоғам тыныштығын күзететін тәртіп сақшылары өз қызмет орнынан бастап тазалық пен ұқыптылықтың үлгісін көрсетті. Әрбір тазаланған бұрыш, әрбір реттелген зат – олардың өз ісіне деген адалдығы мен ортақ іске деген жанашырлығының айғағы.

Тазару күні – жаңару мен серпілістің бастауы. Полицейлер үшін бұл күн тек тазалық жұмыстарымен шектелмей, ұжымдық рухты нығайтып, бірлікті арттыруға мүмкіндік берді. Ортақ мақсатқа жұмылған қызметкерлердің ынтымағы айқын сезіліп, әрқайсысы ортақ іске өз үлесін қосты.

Осындай игі бастамалар қоғамға өнеге болып, әрбір азаматты қоршаған ортаны аялауға, тазалықты сақтауға үндейді. Өйткені тазалық – мәдениеттің айнасы, ал тәртіп – елдің тірегі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру