Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД-да Наурыз мерекесі тойланды
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінде Наурыз мерекесі аталып өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
22 наурыз – Ұлыстың ұлы күніне орай Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған тағылымды мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Көктемнің шуақты мерекесі – әз-Наурыз халқымыздың бірлігі мен берекесін, татулығы мен жаңаруын айшықтайтын ерекше күн. Осыған орай, департамент ұжымы ұлттық дәстүрлерді жаңғыртып, қазақы салт-дәстүрге сай кең дастархан жайып, ұлттық тағамдар әзірледі.
Мерекелік іс-шара барысында қызметкерлер ұлттық нақыштағы киімдер киіп, салт-дәстүрлерді дәріптеп, мерекенің рухын сезіндірді. Бұл өз кезегінде ұжым ішінде өзара сыйластық пен ынтымақтастықтың артуына оң әсерін тигізді.
Аталған шараның басты мақсаты – қызметкерлер арасында бірлік пен өзара құрметті нығайту, сондай-ақ ұлттық мәдениетті кеңінен насихаттау.
Ұлыстың ұлы күні әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ әкелсін!
