Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада сотталғандарды еңбекке бейімдеу мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті

Аршалы кентінің әкімдігінде Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №2 мекемесінің бастамасымен сотталғандарды еңбекке бейімдеу мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараға прокуратура, “Еңбек” РМК және мекеме әкімшілігінің өкілдері қатысты. Кеңес Аршалы ауданының әкімі Достанбек Есжановтың төрағалығымен өтті.

Кеңесте келесі маңызды бағыттар қаралды: арнайы контингент үшін жаңа жұмыс орындарын құру; мекеме базасындағы өндірістік учаскелерді кеңейту; қайта әлеуметтендіру тиімділігін арттыру мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту.

Сотталғандарды жұмыспен қамтуды ұйымдастыру – бұл Мемлекет басшысының кеңейтілген алқа мәжілісінде берген тікелей тапсырмасы, оны ҚАЖ комитеті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүзеге асыруы тиіс. Бұл бағыт қайталама қылмыстың алдын алуға және түзету процесінің тиімділігін арттыруға арналған стратегиялық қадам болып табылады.

Аудан әкімі ведомствоаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, сотталғандарды еңбек қызметіне тарту – қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алудағы маңызды тетік екенін жеткізді. Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастықты кезең-кезеңімен кеңейту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Алғашқы қатысушы – №2 мекеме болмақ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру