Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында полиция ер адамнан марихуана тәркіледі

Павлодар облысында полиция ер адамнан марихуана тәркіледі, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Ер адамның тұрғылықты жерінен ұлттық және шетел валютасында 10 млн теңге және 19 мың доллардан астам ақша, тұқым, телефон және ноутбук тәркіленді. Кенжекөл ауылында өсімдік тектес заттары бар 5 вакуумдық қаптама, вакуумдық буып-түюші және электронды таразы табылып, тәркіленді. Анықталғандай, тәркіленген заттар аса ірі мөлшердегі кептірілген марихуана болып шықты.

Есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтағаны үшін ұсталған адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті Павлодар қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру