Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада өзгенің телефонын иемденген күдікті ұсталды

Астанада өзгенің телефонын иемденген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласында 33 жастағы ер адам азаматтан "қоңырау шалайын" деген сылтаумен Samsung ұялы телефонын сұрап алған. Телефонды қолына алған соң бірнеше метр жерге алыстап, сөйлескен кейіп танытқан.

Жәбірленуші құрылғыны қайтаруды талап еткен сәтте, ол қаша жөнеліп, кейін аталған телефонды сатып үлгерген.

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті көп ұзамай Алматы аудандық криминалдық полиция қызметкерлерімен мас күйінде жүрген жерінде ұсталды.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша тергеу жүргізілуде.

Астана қалалық полиция департаменті азаматтарға бөтен адамдарға сеніп, бағалы заттарын, әсіресе ұялы телефондарын уақытша пайдалануға бермеуді ескертеді. Қауіп төнген немесе күмәнді жағдайға тап болғанда дереу полицияға хабарласуды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру