Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда "Таза Қазақстан" жобасы аясында экологиялық акция өтті

Талдықорғанда "Таза Қазақстан" жобасы аясында экологиялық акция өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдықорған қаласындағы "Асыл-тау" паркінде республикалық "Таза Қазақстан" жобасы шеңберінде экологиялық акция ұйымдастырылды. Іс-шараға "Жасыл ел" жастар қозғалысының еріктілері мен Жетісу облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері белсене атсалысты.

Акция барысында қатысушылар аумақты қоқыстан тазартып, жасыл желектерге күтім жасап, өсімдіктерді суарды. Мұндай жұмыстар тұрақты түрде аптасына 2–3 рет өткізіліп келеді. Бұл шаралар қала тұрғындары үшін таза әрі жайлы демалыс аймағын қалыптастыруға ықпал етеді.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері тұрғындармен профилактикалық әңгімелер жүргізіп, нашақорлыққа байланысты құқық бұзушылықтардың жол берілмейтінін түсіндірді. Сондай-ақ салауатты өмір салтының маңызына тоқталып, қоғамның дамуына әрбір азаматтың белсенді қатысуы қажеттігін атап өтті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай акциялар қоғамдық орындардағы тазалық пен тәртіпті сақтауға ғана емес, жастардың қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауын және заңды құрметтеуін қалыптастыруға да ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру