Жол қауіпсіздігі – баршаға ортақ міндет
Полиция барлық қазақстандықты жол ережесін қатаң сақтауға шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ұлытау облысының жолдарында қауіпсіздікті күшейту мақсатында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Жезқазған қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция ротасы жолдардағы тәртіпті күшейту мақсатында жүйелі рейдтер жүргізіп жатыр.
Облыс орталығында бір апта ішінде 300-ден астам жол ережесін бұзу фактісі тоқтатылды. Бұл бұзушылықтардың ішінде ең қауіптісі — көлікті мас күйде басқару. Тексеру барысында осындай 2 факті анықталып, заң бұзушыларға қатысты тиісті шаралар қабылданды.
Полиция әрбір жүргізуші мен жаяу жүргіншіні жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады. Жолдағы мәдениет – бұл әрбір адамның өз өмірі мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне қамқорлық жасауы.
Жолдағы тәртіпті бақылау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады. Жол қауіпсіздігі – бәрімізге ортақ міндет!