Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада бас бостандығынан айырылған әйелдерді қолдауға бағытталған жоба іске қосылды

Астанада “Fenix Center for Women” жобасы іске қосылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің қолдауымен “Мир и согласие Алтын Өркен” қоғамдық қоры “Fenix Center for Women” әлеуметтік жобасын бастады. Жоба пробациялық бақылаудағы немесе жақында бас бостандығынан айырылған әйелдерді қолдауға бағытталған.

Жобаның басты мақсаты – әйелдерге жаңа өмірге бейімделуге көмектесу және өзін-өзі дамытуға нақты мүмкіндіктер беру. Қатысушылар үшін келесі бағыттар қарастырылған: сұранысқа ие мамандықтарға оқыту; цифрлық дағдыларды дамыту; психологиялық және заңгерлік қолдау; жұмыспен қамтуға және өзін-өзі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.

Инициатива үкіметтік емес ұйымдар және әлеуметтік кәсіпкерлердің серіктестігімен жүзеге асырылуда. Алдағы уақытта жобаны Қазақстанның басқа өңірлерінде де кеңейту жоспарлануда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру