Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция азаматттарды абаттандыру ережелерін қатаң сақтауға шақырады

"Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында Астанада полицейлер рейдтік іс-шаралар жүргізіп, бар болғаны бір апта ішінде абаттандыру ережелерін бұзудың 180-нен астам фактісін анықтады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Мәселен, Пушкин көшесінде құрылыс және тұрмыстық қалдықтардың үйілгені белгілі болды. Қоқыс үйіндісін жасағаны үшін жеке тұлғаға қатысты материал жиналып, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 344-бабына сәйкес шаралар қабылдау үшін Астана қаласы экология департаментіне жолданды.

Осыған байланысты құқық қорғау органдары абаттандыру ережелерін бұзу фактілерін анықтау жұмысын күшейтіп, рейдтік іс-шаралар жүргізетін полиция нарядтарының санын арттырды. Заң шеңберінде күн сайын жеке секторлар, көпқабатты үйлердің ауласы, демалыс орындары тексерілуде.

Сонымен қатар құқық бұзушылар бейнекамералардың көмегімен де анықталуда. Жыл басынан бері тәртіп сақшылары тазалықты сақтамаған және "нөлдік төзімділік" қағидатын бұзған шамамен 57 мың құқық бұзушыны жауапкершілікке тартты.

Полиция елорда тұрғындары мен қонақтарына ескерте отырып, абаттандыру ережелерін бірінші рет бұзған жағдайда ескерту жасалатынын, қайталанған жағдайда қатаң шаралар қолданылатынын хабарлайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру