Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық тұрғын полицияның жедел көмегінің арқасында қаражатын қайтарып алды

Павлодарлық тұрғын полицияның жедел көмегінің арқасында қаражатын қайтарып алды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы полиция қызметкерлеріне тұрғындардан алғыс хаттар Instagram @dp_pavlodar парақшасының директіне үнемі келіп түсіп жатады.

Кезекті хатты облыс орталығының тұрғыны жолдады:

– Павлодар қалалық полиция басқармасының учаскелік инспекторы Қуаныш Сағиевке жедел жұмысы мен көрсеткен көмегі үшін шын жүректен алғыс айтамын. Оның жедел әрекетінің, кәсібилігінің және үйлесімді жұмысының арқасында мен айтарлықтай қаржылық шығыннан құтылып, алаяқтарға жиһазды қайта қаптау үшін беріп қойған қаражатымды қайтарып алдым, – деп жазды алғыс білдірген павлодарлық.

Полиция тұрғындарға тағы да ескерту жасайды: мұндай жағдайларға жол бермеу үшін қырағылық таныту қажет. Жиһазға тапсырыс беру барысында компанияның толық деректемелері мен мөрлері көрсетілген келісімшарт жасасу, сондай-ақ жиһаз толық тапсырылғанға дейін алдын ала төлем жасамау маңызды.

Өз кезегінде полиция департаменті павлодарлықтардың жылы лебізі мен оң бағасына ризашылығын білдіреді және құқық қорғау органдары құқық бұзушылықтар мен қылмыспен күресте азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бар күшін салатынын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру