Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов Сыр өңіріне жұмыс сапарымен барды. Жұмыс сапары барысында облыстық ПД басшылығының және жеке құрамның қатысуымен жедел кеңес өткізді.
Ішкі істер министрі 2025 жылды “Профилактика жылы: полиция заң мен тәртіп күзетінде” деп жариялады. Ішкі істер органдарының аумақтық бөліністерінің басшыларына заң мен тәртіпті шығайту мақсатында профилактикалық шараларды күшейтіп, азаматтардың құқықтық санасын арттыру бойынша нақты міндеттер жүктеді. Жиын барысында полиция қызметіне қойылған осы және өзге де талаптар мен тапсырмалар кеңінен қозғалды.
Сонымен қатар “Қарасора — 2025” кең ауқымды арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасының өту барысы туралы айтылды. Министрліктің тапсырмасын іске асыру мақсатында облыс көлемінде 1 маусым – 31 қазан аралығында “Қарасора — 2025” жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Қызылорда облысында полиция департаменті өз құзыреті шегінде нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы күресте қажетті шаралар қабылдауда.
Жиын барысында министрдің бірінші орынбасары құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің басқа да мәселелерін шешуде белсенділік танытып, азаматтық ұстаным көрсеткені үшін есірткі құқық бұзушылығының профилактикасы жөніндегі кеңестің мүшесі Асетхан Баймурза және “Қызылорда еріктілері” қоғамдық қорының төрайымы Ольга Чебакованы марапаттап, Министрдің Алғыс хатын табыстады.
Бауыржан Төлегенұлы азаматтық ұстанымы үшін, сондай-ақ олардың қоғамға қосқан үлесін жоғары бағалап, ынтымақтастық үшін алғыс білдірді.
Сонан соң Министрдің бірінші орынбасары қылмыстың алдын алу мен оларды ашуда заманауи технологияларды қолдану, цифрландыру деңгейімен, бейнебақылау жүйелерінің жұмысымен танысты. Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ және Киберқылмыстармен күрес орталығына барып, қызмет жағдайын және материалдық – техникалық жабдықталуын тексерді.
Бөліністердің жеке құрамымен кездесу барысында бүгінгі таңда Мемлекет басшысының және министрдің ішкі істер органдарының алдына қойған міндеттері мен нақты талаптарына тоқталды. Қоғамдық тәртіпті жоғары деңгейде қамтамасыз ету, қызметті жетілдіру, қызметкерлердің заңдылық пен тәртіпті сөзсіз сақтауы және халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыру бойынша нақты мақсаттар қойды.