Конституция күні қарсаңында ақтөбелік жастар алғашқы құжаттарын алды
Конституция күні қарсаңында ақтөбелік жастар алғашқы құжаттарын алды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасы Конституциясы күні қарсаңында ақтөбелік өрендер өздерінің өміріндегі алғашқы ресми құжаттарын — жеке куәліктерін салтанатты жағдайда қабылдап алды.
Ақтөбе облысы полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Сапар Амантаевтың айтуынша, бұл бастама жас буынды елжандылыққа баулуда әрі олардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруда айрықша маңызға ие. Ол сондай-ақ "Менің алғашқы құжатым" акциясы алдағы уақытта да ҚР Конституциясы күні қарсаңында дәстүрге айналып, тұрақты түрде жалғасын табатынына сенім білдірді.
Ішкі істер департаменті ұйымдастырған шара барысында үш жасөспірім — Айымгүл Жәнібекқызы, Әдлет Қалқай және Жібек Хабаш — өмірлеріндегі ең басты құжатты салтанатты түрде қолына алды.
Айтулы күні жеке куәлікке ие болғандардың қатарында білім, спорт және шығармашылық саласында биік жетістіктерге қол жеткізген дарынды жастар бар.