Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде құқық қорғау органдары арасында қоян-қолтық ұрыстан чемпионат өтті

12 қыркүйекте Ақтөбе қаласындағы жекпе-жек спорт сарайында қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерінің ерлігін ұлықтауға арналған қоян-қолтық ұрыстан чемпионат өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы полиция департаменті ұйымдастырған жарысқа құқық қорғау және арнайы органдар мен күш құрылымдарының өкілдері қатысты. Чемпионат Павлодар қаласында ҚР Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен өтетін қоян-қолтық ұрыстан республикалық чемпионатқа Ақтөбе облысының құрама командасын іріктеудің негізгі кезеңі болды.

Жарысқа сегіз салмақ дәрежесі бойынша 120-ға жуық спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады. Жекпе-жектер тартысты өтіп, қатысушылар жоғары деңгейдегі спорттық шеберлігі мен жауынгерлік дайындығын көрсетті.

Жалпы командалық есепте:

1-орын – Ақтөбе облысы ПД командасы;
2-орын – ҚР ҰҰ 6655 әскери бөлімі командасы;
3-орын – Ақтөбе облысы ТЖД командасы.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамота, медаль және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Чемпионаттың құрметті қонағы, Олимпиада чемпионы Серік Сапиев жеңімпаздарға медальдар мен естелік сыйлықтарды табыстады.

Спорттық шара қаза болған полиция қызметкерлерінің ерлігін ұлықтаумен қатар, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жауынгерлік және спорттық дайындығын жетілдіруге, үздік спортшыларды анықтап, республикалық чемпионатқа іріктеуге бағытталды.

Ел үшін жасалған ерлік – ұрпаққа үлгі. Батырлардың есімі ел жадында мәңгі сақталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру