Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысы полиция департаментінде самбодан мықтыларды анықтады

Павлодар облысы полиция департаментінің спорт клубында қызметкерлер арасында самбодан іріктеу жарысы өтті. Додаға 70 спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Самбо – жауынгерлік өнер элементтерін қамтитын және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің дене дайындығын жетілдіруге мүмкіндік беретін спорт түрлерінің бірі.

Жарыстың ашылу салтанатында Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Жандос Орумбаев спорттық шаралардың қызметкерлердің дене дайындығын шыңдап, кәсіби дағдыларын жетілдірудегі маңызын атап өтті. Ол қатысушыларға сәттілік тілеп, тартысты бәсекеде жеңіске жетулеріне тілектестік білдірді.

Жарыс барысында спортшылар шеберліктерін көрсетіп, жанкүйерлердің қызу қолдауына ие болды.

Жекелеген салмақ дәрежелері бойынша жеңімпаздар:

  • +98 келіге дейін – Асғат Нұрмағамбет;
  • 88 келіге дейін – Абулуаһит Пшембаев;
  • 79 келіге дейін – Ринат Махмутов;
  • 71 келіге дейін – Қанағат Ыдырышев;
  • 64 келіге дейін – Ерназ Смағұлов.

Командалық есепте бірінші орынды Павлодар қаласы полиция басқармасының командасы иеленді. Екінші орын Екібастұз қаласы полиция басқармасының командасына, үшінші орын ІІМ оқу орталығының командасына бұйырды.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен спортшылар қараша айында Астана қаласында өтетін ҚР Ішкі істер министрлігінің чемпионатында Павлодар облысы полиция департаментінің намысын қорғайды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен, медальдармен, кубоктар және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру