Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда полиция қызметкерлері жастармен және ата-аналармен құқықтық мәдениет тақырыбында кездесу өткізді

Талдықорғанда полиция қызметкерлері жастармен және ата-аналармен құқықтық мәдениет туралы кездесу өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдықорған қаласында республикалық Заң мен тәртіп акциясы аясында полиция қызметкерлері жастар және ата-аналармен кездесу ұйымдастырды. Шараның негізгі мақсаты – құқықтық тәртіпті нығайту, жас ұрпақтың заңға құрметпен қарап, қоғамға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру.

Кездесу барысында полицейлер жастарға өзекті мәселелер бойынша кең көлемде ақпарат берді. Атап айтқанда, қауіпсіздігі күмән тудыратын көлік құралдарын, соның ішінде мопедтерді сатып алу мен пайдаланудың салдары талқыланды. Сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және елдегі тазалық пен экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі әрбір азаматтың рөлі "Таза Қазақстан" жобасы аясында ерекше атап өтілді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай ашық диалогтар жастарға қауіпсіз мінез-құлықтың негізгі қағидаларын дер кезінде түсіндіруге, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және халық пен полиция арасындағы өзара сенімді нығайтуға ықпал етеді.

Кездесу соңында қоғамдық белсенділік танытып, өңірдің әлеуметтік өміріне үлес қосқан жастар ішкі істер органдарының алғыс хаттарымен марапатталды.

Полицейлердің пікірінше, осындай шаралар жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алып, азаматтық жауапкершілікті арттыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру