Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда есірткі қылмысына қатысы бар күдікті ұсталды

Қарағандыда "Қарасора" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында есірткі қылмысына қатысы бар күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қаласында облыстық Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесі «Қарасора» жедел алдын алу іс-шарасы аясында 38 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Күдіктіден ерекше иісі бар ұнтақ тәріздес зат табылып, тәркіленді.

Ұстау кезінде ер адамның есірткілік масаң күйде болғаны анықталды. Бұл оның тек сақтап қана қоймай, заңсыз затты пайдаланғанын да айғақтайды.

Тәркіленген зат сараптамаға жіберілді. Зерттеу нәтижелері есірткінің нақты түрін және оның құрамындағы концентрацияны анықтауға мүмкіндік береді.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу барысында полиция қызметкерлері есірткі заттарының шығу көзін, оның таралу арналары мен күдіктінің қылмыстық схемаға қатыстылығын жан-жақты тексеруде.

Қарағанды облысында есірткі қылмыстарын әшкерелеу және олардың таралуына тосқауыл қою мақсатында «Қарасора» жедел алдын алу іс-шарасы жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру