Павлодарда көші-қон заңнамасын бұзған шетел азаматтары елден шығарылды
Павлодарда көші-қон заңнамасын бұзған шетел азаматтары елден шығарылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар қаласының полицейлері көші-қон заңнамасын бұзған көрші мемлекеттің алты азаматын анықтап, ел аумағынан шығарды.
Құқық бұзушылар қажетті құжаттарсыз Қазақстан аумағында жүрген. Оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімімен елден шығару және Қазақстанға кіруге шектеу қою туралы қаулы қабылданды. Полицейлер шетел азаматтарын Астана қаласындағы әуежайға дейін жеткізді.
Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері өңірде көші-қон заңнамасын бұзған 124 шетел азаматы ел аумағынан шығарылған.