Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Бақытты отбасы – бақытты ел" акциясы: Алматыда дөңгелек үстел өтті

Алматыда полицейлер отбасыны қолдау, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелерін талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алмалы ауданында "Бақытты отбасы – бақытты ел" республикалық акция аясында аудан әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның дөңгелек үстелі өтті.

Іс-шараға комиссия мүшелері, дағдарыс орталықтарының, білім және денсаулық сақтау бөлімдерінің өкілдері, сондай-ақ мүдделі ұйымдар қатысты. Қатысушылар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, қиын жағдайда жүрген әйелдер мен балаларды қолдау, отбасы институтын нығайту және әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау бағытында ведомствоаралық өзара іс-қимылды жолға қою мәселелерін көтерді.

- Қауіпсіз әрі тұрақты отбасылық ортаны қалыптастыру – басты міндеттердің бірі. Мықты отбасы – мықты қоғамның негізі, – деді Алмалы аудандық полиция басқармасында.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар бірлескен күш-жігердің маңыздылығын атап өтіп, отбасылардың әл-ауқаты мен құндылықтарды нығайту жолында ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру