Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде шетелден көлік алып келуге уәде берген алаяқ ұсталды

Ақтөбеде БАӘ-дан көлік әкелемін деп уәде берген алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе қаласының 36 жастағы тұрғыны алаяқтық жасады деген күдікпен полиция қызметкерлерінің қолына түсті.

Тергеу барысында оның Instagram әлеуметтік желісінде "Автобан Дубай" атауымен парақша ашып, Біріккен Араб Әмірліктерінен қолжетімді бағамен автокөлік әкеліп беремін деп азаматтарды алдағаны белгілі болды.

Күдіктінің заңсыз әрекеттерінің салдарынан жеті тұрғын зардап шегіп, келтірілген материалдық шығын көлемі 50 миллион теңгеден асты.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция тұрғындарды қырағылық танытуға шақырады. Бейтаныс адамдарға ақша аудармауды, ұсынылған ақпараттың шынайылығын тексеруді, сондай-ақ ресми құжаттардың болуына көз жеткізуді ескертеді. Күмәнді жағдай туындаған кезде бірден құқық қорғау органдарына жүгінген жөн.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру