Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Учаске" іс-шарасы: Маңғыстауда полицейлер құқықтық тәртіпті күшейтті

Маңғыстау облысында "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасының аралық нәтижелері жарияланды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

1 қыркүйектен 1 қарашаға дейін Маңғыстау облысында "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл шара Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жариялаған "Профилактика жылы" аясында ұйымдастырылып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға, экстремизм мен терроризм қатерлерін жоюға, көші-қон заңнамасының сақталуын бақылауға және халықпен сенімді қарым-қатынас орнатуға бағытталған.

Полиция қызметкерлері күн сайын әкімшілік аумақтарды аралап, пәтерлік және аулалық тексерістер жүргізуде, жалдамалы пәтерлердің тіркелуін қадағалауда. Сонымен қатар, шетел азаматтарымен, есепте тұрған тұлғалармен және қолайсыз жағдайдағы отбасылармен профилактикалық жұмыс атқарылуда. Азаматтық қару айналымына бақылау жүргізіліп, заңсыз сақталған қарулар анықталуда. Есірткі заттарының таралуына жол бермеу, кәмелетке толмағандар жиналатын орындарды бақылау, сондай-ақ құрылыс алаңдары мен шаруашылық нысандарда заңсыз еңбекке тарту деректерінің жолын кесу шаралары қолға алынған.

Аралық нәтижелерге сәйкес, облыс аумағында 13 661 тұрғын үй нысаны қамтылып, 301 жалдамалы пәтер тексерілді. Оның ішінде 29 пәтердің тіркелмегені анықталып, бұл жөнінде Мемлекеттік кірістер органына хабарланды. Әртүрлі себептермен 563 азамат полиция бөлімшесіне жеткізілді. 302 шаруа қожалығы мен қыстақ және 4 224 азаматтық қару иесі тексеріліп, 423 құқық бұзушылық тіркелді. Есірткіге қатысты 19 құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Жалпы 2 017 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Жарияланған аралық нәтижелер "Учаске" іс-шарасының өңірде құқықтық тәртіпті нығайтуға, профилактикалық шараларды күшейтуге және қауіпсіз орта қалыптастыруға айтарлықтай ықпал етіп жатқанын көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру