Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көліктегі полиция департаментінде жедел кеңес өтті

Көліктегі полиция департаментінде жедел кеңес өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Көліктегі полиция департаментінде жедел кеңес өтті. Оған басшылық құрам, аппарат қызметтері мен желілік бөліністердің жетекшілері қатысты.

Жиында департамент бастығы Айдос Рысбаев жеке құрамға Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың министрліктің жедел кеңесінде берген тапсырмаларын жеткізді. Бұл тапсырмалар Мемлекет басшысының "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты Жолдауында айқындалған міндеттерді орындауға бағытталған.

Айдос Рысбаев ең алдымен ел дамуының жаңа кезеңін айқындайтын тарихи құжаттың негізгі тұстарына тоқталды.

– Еліміздегі тұрақтылық – мемлекетіміздің ілгерілеуі мен барлық мақсаттарға жетудің басты кепілі. Сондықтан біздің күнделікті қызметіміз азаматтарымыздың конституциялық құқықтарын қорғауға, елімізге келген шетелдіктердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қылмыспен күресе отырып, қоғамдық тәртіпті нығайтуға арналуы тиіс. Бұл үшін барлық қажетті күш пен құрал бізде бар, – деді департамент бастығы.

Сонымен қатар ол:

– Алдағы уақытта да көлік полицейлерінің басты міндеттері өзгермейді. Басты мақсатымыз – халыққа адал қызмет ету және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету. Вокзалдар мен перрондарда, әуежайлар мен жолаушылар пойыздарында азаматтар өздеріне полицияның дер кезінде көмекке келетіндігіне сенімді болуы тиіс, – деп түйіндеді ойын.

Кеңесте бұдан бөлек кадр саясатын жетілдіру, жауынгерлік және қызметтік дайындықты күшейту, жеке құрам арасында тәртіпті нығайту мәселелері кеңінен талқыланды.

Жиын соңында көлік полициясының бастығы желілік бөліністердің басшыларына нақты тапсырмалар берді. Атап айтқанда, қылмыстарды, соның ішінде киберқылмыстарды анықтау мен ашу, заңсыз есірткі айналымының алдын алу, жеке мүлікті ұрлау деректерін әшкерелеу, жүк пойыздарындағы ұрлықты болдырмау және елдің барлық әуе және теміржол көлігі нысандарында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттері қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру