Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында “Учаске” шарасы аясында мыңнан астам жадынама таратылды

Түркістан облысында “Учаске” шарасы аясында мыңнан астам жадынама таратылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында 1 қыркүйектен 1 қарашаға дейін қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Оның негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу және полиция мен халық арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту.

Іс-шара барысында учаскелік полиция инспекторлары әкімшілік аумақтарда тұрғындармен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін олар үйлерді аралап, тұрғындарға пайдалы ақпараттар жеткізуде.

Мәселен, Сауран аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері интернет-алаяқтық, нашақорлық, тұрмыстық зорлық-зомбылық және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша мәлімет беретін 1000-нан астам жадынама мен учаскелік полиция инспекторларының байланыс нөмірлері жазылған визиткаларды таратты.

Полицейлер тек әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтап, қылмыстың алдын алуға ғана емес, сонымен қатар халықпен тығыз қарым-қатынас орнатып, полицияның оң имиджін қалыптастыруға да баса мән беруде. Өз кезегінде тәртіп сақшылары азаматтарды қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысуға, құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлап отыруға және қауіпсіз қоғам құруға үлес қосуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру