Алматы облысында полиция профилактикалық рейдтерді күшейтті
Алматы облысында полиция профилактикалық рейдтерді күшейтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
"Учаске" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында тәртіп сақшылары қоғамдық қауіпсіздікті нығайту және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында профилактикалық рейдтер жүргізуде.
Іс-шара барысында тұрғын үй бойынша тіркеу ережелерін бұзу деректері анықталып, заңға сәйкес тиісті шаралар қабылданды. Сонымен бірге полицейлер тұрғындармен кездесіп, абаттандыру мәселелерін түсіндіріп, қоғамдық орындарда да, аула мен іргелес аумақтарда да тәртіп сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
Ерекше назар саяжай алқаптарындағы аулаларды аралауға аударылды. Бұл ретте полиция қызметкерлері тұрғын үйлерді тексеріп, тұрғындарға жеке қауіпсіздік шараларын сақтау және ұрлықтың алдын алу жолдары туралы ескертті.
Полиция өкілдерінің айтуынша, "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасын жүзеге асыру ашықтық, алдын алу және халықпен өзара сенімді диалог қағидаттарына негізделген. "Учаске" жедел-алдын алу іс-шарасының басты мақсаты – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау және қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру.