Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда полицейлер электросамокат жүргізушілеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізуде

Талдықорғанда полицейлер электросамокат жүргізушілеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Соңғы жылдары электросамокаттар қала тұрғындарының күнделікті өмірінен берік орын алды. Жылдамдығы, ыңғайлылығы және қолжетімділігі арқасында олар ең танымал көлік құралдарының біріне айналды. Уақытты үнемдеп, шаһар ішінде еркін қозғалуға мүмкіндік беретін бұл құрылғының артықшылығы көп болғанымен, қауіпсіздік тұрғысынан белгілі бір қатерлерді де жоққа шығаруға болмайды.

Талдықорғанда полиция қызметкерлері электросамокат жүргізушілерімен тұрақты түрде профилактикалық іс-шаралар өткізіп келеді. Негізгі мақсат – жол-көлік оқиғаларының алдын алу және аталған көлік түрін қауіпсіз пайдаланудың маңызын түсіндіру.

Полицейлердің айтуынша, электросамокатты басқару автокөлік не велосипед жүргізуден кем жауапкершілік жүктемейді. Қорғаныс құралдарын қолданбау, жылдамдықты шамадан тыс арттыру және жол қозғалысы ережелерін сақтамау – жүргізушінің де, жаяудың да ауыр жарақат алуына әкеп соғуы мүмкін.

Әсіресе жастарға ерекше назар аударылып отыр. Себебі электросамокатты ең көп қолданатындар – осы буын өкілдері. Құқық қорғау органдарының өкілдері жүргіншілер жолымен жүру қажеттігін, проезжая часть-қа шығуға болмайтынын, жылдамдық режимін қатаң сақтау және міндетті түрде шлем мен қорғаныс жабдықтарын пайдалану керектігін еске салады.

Профилактикалық әңгімелер қала көшелерінде, саябақтарда және сауда орталықтарының жанында жүргізілуде. Өйткені дәл осы жерлерде электросамокат қолданушылары жиі кездеседі. Полицейлердің пікірінше, жол ережелерін сақтауға деген жауапкершілік пен мұқияттық әрбір адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басты кепілі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру