Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте қаруды рұқсатсыз сақтаған тұрғындар анықталды

Шымкентте 73 тұрғын қаруды рұқсатсыз сақтағаны үшін жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері қару иелерінің тұрғылықты жерлерінде тексеріс жүргізді. Шараның негізгі мақсаты – қаруды сақтау және тіркеу тәртібін бақылау, заң бұзушылықтарды анықтау және олардың алдын алу.

Тексеру барысында бірқатар заң талаптарының бұзылғаны белгілі болды. Атап айтқанда, қаруды дұрыс сақтамау және тіркеу мерзімін өткізіп алу деректері тіркелді. Нәтижесінде 73 тұрғынның қаруды сақтауға берілген рұқсат мерзімі өтіп кеткені анықталды. Құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Полиция департаменті азаматтарды қару айналымына қатысты заңнаманы қатаң сақтауға шақырады. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және "Заң мен тәртіп" қағидатын ілгерілету мақсатында мұндай профилактикалық шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жүргізіле бермек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру