Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда полицейлер жас сақшыларға практикалық сабақ өткізді

Талдықорғанда полицейлер жас сақшыларға практикалық сабақ өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдықорған қаласындағы №18 мектепте полиция қызметкерлерімен "Жас сақшы" қозғалысының жас инспекторларымен бірге практикалық сабақ өткізілді. Іс-шара Жетісу облысы полиция департаментінің арнайы және кәсіби даярлық басқармасының ұйымдастыруымен өтті.

Оқушыларға полиция қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындау тәртібі бойынша негізгі нұсқаулықтар түсіндірілді. Сонымен қатар полицейлердің түрлі жағдайларда іс-қимылдары туралы, атыс өткізу кезінде және қаруды қолдану барысында қауіпсіздік шаралары туралы бейнероликтер көрсетілді.

Арнайы алаңда құрылымдық дайындық бойынша көрсетілімдік сабақ өтті. Бұл жерде мектеп оқушылары полиция қызметінің тәртібі мен үйлесімділігін сезіне алды. Ерекше қызығушылықты кинология қызметінің қызметтік итпен көрсеткен шеберлігі тудырды.

Одан кейін оқушылар арасында спорттық жарыстар ұйымдастырылып, оның қорытындысы бойынша үздік шыққандар марапатталды.

Мұндай іс-шаралар оқушыларға полиция қызметінің ерекшеліктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді, жауапкершілік сезімін арттырады және мамандыққа деген қызығушылықты қалыптастырады. "Жас сақшы" қозғалысының мүшелері өз мектептерінің белсенділерінен бөлек, заң мен тәртіпті нығайту ісінде полицияның шынайы көмекшілеріне айналуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру