БҚО-да ардагер Хасан Сұлтанғалиевтің 100 жылдығына арналған волейбол турнирі өтті
Батыс Қазақстан облысында Ұлы Отан соғысы және ішкі істер органдары ардагері Хасан Сұлтанғалиевтің 100 жылдық мерейтойына орай волейболдан турнир ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараны Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті мен "Динамо" дене шынықтыру-спорт қоғамы бірлесіп өткізді. Жарысқа полиция департаментінің құрылымдық бөлімшелерінен құралған құрама командалар және ішкі істер органдарының ардагерлер командасы қатысты.
Турнир достық, патриотизм және аға буынға құрмет көрсету рухында өтті. Қатысушылар жоғары спорттық дайындық деңгейін, жеңіске деген жігерін және ұйымшылдықты айқын көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар, кубоктар және естелік сыйлықтар табысталды.