Шымкентте қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында профилактикалық іс-шара өткізілді
Шымкентте “Құқықтық тәртіп” іс-шарасы барысында 1582 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы аумағында “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Іс-шараның мақсаты - қала аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелер мен қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және олардың жолын кесу болып табылады.
“Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында қала аумағында 63 қылмыс тіркеліп, оның 43 ашылған, ашылу пайызы 68,2%.
Атап айтсақ, іздеуде жүрген 8 қылмыскер, “Нелегал” есебінде тұрған іздеуде жүрген 14 тұлға ұсталған. Есірткі заттарды сақтау және алып жүрген - 10 жайт, әкімшілік құқық бұзушылық - 1582, ҚР заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзғаны үшін - 11 жайт, ұсақ бұзақылық жасаған үшін - 10, алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу бойынша - 89 жайт анықталды. Әкімшілік қадағалауды туралы заңнамасын бұзу - 6 жайт, азаматтық және қызметтік қару айналымы қағидаларын бұзу - 10, қарсы бағытқа шығу -24 жайт, масаң күйде автокөлікті басқарғаны үшін - 8 жайт анықталды.