Ақтөбе облысында сотталғандарды қоғамға қайта бейімдеу мақсатында іс-шара өткізілді
Ақтөбе облысында сотталғандарды қоғамға қайта бейімдеу мақсатында іс-шара өткізілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мекемелерінде Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына арналған рақымшылықты жүзеге асыру жұмыстары жалғасуда.
Бүгінгі күнге дейін 49 сотталған толықтай босатылды, сондай-ақ 50 адамға жазасын өтеу мерзімі қысқартылды. Қалған материалдар 2025 жылдың соңына дейін толық қаралып бітеді деп жоспарлануда.
Конституцияның мерейтойына орай жарияланған рақымшылық – ізгілік қағидаттарына негізделген қадам. Ол түзелу жолына түскен сотталғандарға қоғамға қайта бейімделуге мүмкіндік беріп қана қоймай, еліміздің қылмыстық-атқару жүйесінде заңдылықты, әділеттілік пен гуманизмді нығайтуға бағытталған.