Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысының полициясына жаңа дрондар берілді

Қызылорда облысының полициясына жаңа дрондар берілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы әкімінің қолдауымен Қызылорда облысы полиция департаментінің материалдық-техникалық базасы жаңа деңгейге көтерілді. Департаменттің теңгеріміне дауыс ұлғайтқыштар мен LED жарық шамдарымен жабдықталған 4 ұшқышсыз ұшу аппараты (дрон) берілді.

Жаңа дрондардың негізгі мақсаты — қала аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, әуеден бақылау жүргізу, дауыс ұлғайтқыш арқылы тұрғындарды тазалық сақтауға үндеу, қараңғы көшелер мен аулаларды жарықтандыру арқылы қылмыстың алдын алу, сондай-ақ жол қозғалысы кезінде әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау. Сонымен қатар бұл дрондар полиция қызметкерлерінің күнделікті жұмысын тиімді ұйымдастыруға да септігін тигізеді.

Бұл бастама — заманауи технологияларды қолдану арқылы қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға бағытталған маңызды қадам.

- Заманауи технологияларды қолдану – құқық қорғау қызметінің тиімділігін арттырудың басты жолдарының бірі. Жаңа дрондар қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және полиция қызметін жедел ұйымдастыруда үлкен көмек болады, – деді Қызылорда облысы ПД бастығының орынбасары Ибадулла Сәбит.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру